Math & CS @ Williams and Oxford.
i write up some of my thoughts.
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз, cол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат, Жеке тәулік, Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те, байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
Құс сияқты сезінбейтін қанатын
Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана
Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
Бақыт шіркін асыл болса — бір мысқал,
Бақыт шіркін уақыт болса — бір-ақ сәт!— Қ. Мырза Әли